Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото) — новости Казахстана

Алматының Момышұлы көшесінде бірнеше көлік қатар соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты орын алды. Апаттан 27 жастағы көлік жүргізушісі қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Sputnik Қазақстан
BMW 5 жеңіл көлігі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Алайда рөлге ие бола алмай, жеолдың қарама қарсы бағытына шығып кетеді.
Содан соң Hyundai i30 көлігіне соғып, қайтадан өзі жүріп бара жатқан бағытқа айналып келеді.

Фото:Sputnik Қазақстан
Ал Hyundai i30 Renault Logan-ға соқтығысады.
Сондай-ақ оқиғадан «Күзет» агенттігінің LADA Granta көлігі де бүлінеді.
Айта кетейік, оқиғадан BMW көлігінің жүргізушісі қайтыс болған.
BMW көлігінің жолаушысы мен Hyundai жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Фото:Sputnik Қазақстан
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар