Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионатының жеңімпаздары анықталды

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 13:03 290

Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионатының жеңімпаздары анықталды


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Ақтөбеде ересектер арасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Алматы мен Астана спортшылары үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш күндік жарыс қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өтті. Жұппен өнер көрсету дисциплиналары болған жоқ. Чемпионатқа барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 72 спортшы қатысты.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен атап өткендей, Ақтөбеде көптеген жылдар бойы  мәнерлеп сырғанаумен айналысатын жеке ғимарат болмаған. Тек 2017 жылы Ақтөбеде алғашқы хоккей модулі, 2018 жылы — жаңа мұз сарайы ашылған.

Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионатының жеңімпаздары анықталды 
Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионатының жеңімпаздары анықталды 

ҚР чемпионатының нәтижелері төмендегідей:

1 спорт разряды (ерлер):

1-орын: Олег Мельников               Шымкент қ.

2-орын: Кривошеев Никита           Қарағанды облысы

3-орын: Смағұлов Артур              Алматы қ.

1 спорт разряды (әйелдер):

1-орын: Елизавета Юн                 Алматы қ.

2—орын: Сабина Насырова           Алматы қ.

3-орын: Дарья Вдовина                 Ақтөбе облысы

Спорт шебері атағына үміткерлер (ерлер):

1 -орын: Диас Жиренбаев              Астана қ.

2 -орын: Елисей Волков                  Алматы қ.

3 -орын: Дмитрий Карпухин               Қарағанды облысы

Спорт шебері атағына үміткерлер (әйелдер): 

1 -орын: Мария Гречаная               Алматы қ.

2 -орын: Текик Ясмин                     Астана қ.

3 -орын: Сүлейменова Диана         Алматы қ.

Спорт шеберлері (ерлер):

1 -орын: Никита Манько                 Астана қ.

2 -орын: Рахат Бралин                    Астана қ.

3-орын: Всеволод Филь                 Алматы қ.

Спорт шеберлері (әйелдер):

1 -орын: Алана Тоқтарова             Алматы облысы

2-орын: Айза Мамбекова              Алматы қ.

3 -орын: Вероника Шевелева         Алматы қ.

Авторы Самал Ендібаева

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz