Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: Gelandewagen жүргізуші сотта жауап береді — новости Казахстана
Алматыда үш адамның өліміне себепкер болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі Ильяс Каррдың ісі сотқа жолданды деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.
1985 жылы туған азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалған.
34 жастағы азамат жол ережесін бұзғаны әрі абайсызда үш адамның өліміне алып келгені (Қылмыстық кодекстің 344-бабы), жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашып кеткені (Қылмыстық кодекстің 347-бабы) үшін айыпталуда.
Айта кетейік, қанды оқиға 29 желтоқсан күні Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған. Бағдаршамның қызыл түсіне жоғары жылдамдықпен өтіп кеткен күдікті Ильяс Карр Mercedes Benz G55 автокөлігімен Mitsubishi Galant автокөлігіне соқтығысқан. Оған қоса, күдікті оқиға орнынан бірден қашып кеткен.
Апат нәтижесінде Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болса, тағы бір азаматша ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Сотқа түскен іс бойынша прокурор да тағайындалған және толық әрі объективті тергеу жүргізіледі.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz