Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов кездесуі рекорд орнатты

0

UFC Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов кездесуінен түскен қаржылық нәтижені мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 229 турнирі жалпы табыс 86,4 миллион долларды құрап, промоушен тарихындағы рекордты орнатты. 

Турнирге 20 мыңнан астам көрермен келген, билеттен түскен пайда 17,1 млн долларды құраған.  

Промоушеннің айтуынша, UFC 229 турнирі арқасында жалпы есеппен 414 жұмыс орны құрылып, Невада штатына 3,7 миллион доллар табыс түскен екен. 



prosports.kz