Алматыда әйелдің басына мұз құлап қаза тапты
Алматы қаласы Бостандық ауданында көпқабатты үйдің маңынан өтіп бара жатқан әйелдің басына мұз түсіп ажал құшты.
Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Бостандық ауданында болған.
«Әйел 1958 жылы туған. Оның өлімі бойынша дерек Бостандық ауданы ІІБ тіркелді. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қайғылы жағдай 20 қараша күні түскі уақытта Әл-Фараби даңғылынан төмен Марков көшесінің бойында болды. Полицияның алдын ала нұсқасы бойынша, Adal Residence тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әйел басына 11-қабаттан мұз түсіп көз жұмған. Қайғылы жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.