Алматыда әйел басына мұз түсіп көз жұмды — видео

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

137 0 0

Әзірге полиция бұл жағдайды жазатайым оқиға деп қарастырып отыр

АЛМАТЫ, 20 қараша — Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданында көпқабатты үйдің маңынан өтіп бара жатқан әйелдің басына мұз түсіп ажал құшты. Мұз шамамен 11-қабаттан түскен.

Қайғылы жағдай 20 қараша күні сағат 13:45 шамасында Әл-Фараби даңғылынан төмен Марков көшесінің бойында болды. Полицияның алдын ала нұсқасы бойынша, Adal Residence тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әйел басына 11-қабаттан мұз түсіп көз жұмған.

Қайғылы жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

«Қазіргі сәтте марқұм әйелдің кім екені анықталды. Ол көзі тірісінде жақын маңайдағы үйде тұрған. Ауыр жарақат салдарынан 60 жастағы жәбірленуші сол жерде көз жұмды», — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, оқиға болған жерде тергеп-тексеру тобы жұмыс істеген. Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.

Әзірге бұл жағдай жазатайым оқиға ретінде қарастырылып отыр.