Алматыда 6,5 мың адам коронавирус вакцинасын алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 6 530 адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінще, 21 сәуір де 6 530 алматылық вакцина салдырған.
Алматыда 1 ақпан мен 22 сәуір аралығында барлығы 161 953 адамға екпе егілген. Вакцинаның екі компонентін 15 289 адам алды.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.
Бүгінгі күні қалада 205 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 827 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.
Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев көшесі) ашылған вакциналау пункті жұмыс істей бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.
Айта кетейік, Наурызбай ауданындағы «Тау самалы» базарында вакцинация пункті ашылды.
Алматы 22 сәуірде 34 900 доза 7 транш вакцина алды (1 компонент).
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус вакцинасын қабылдағандар саны 823 мыңнан асты.