Алматыда 15 жастағы жеткіншек із-түссіз жоғалып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы іс-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Іздеу салынған жігіттің аты — Кунту Шерхан Тұрмаханбетұлы, 2005 жылы дүниеге келген. Қазір сегізінші сынып оқушысы.

«2020 жылғы 20 ақпанда сағат 14: 30-да ол үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған», — деп жазды қалалық білім басқармасы Facebook-тегі парақшасында.

Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов те хабарлады.

«Арық, бойы — 1,5 метр, шашы қара, қысқа. Қара күртеше, қара қалпақ, джинсы, кроссовка киген. Қолында қара түсті сөмке бар. Іздестіруге көмек сұраймын», — деп жазды Instagram парақшасында Кикимов.

Кунту Шерханның 20 ақпан кешкі сағат 9:00-де полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Қазір оқушыны іздестіру жұмыстарымен арнайы топ айналысып жатыр. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар кірді. 

«Сондай-ақ, волонтерлер де іздеуге қосылды, баланың белгілері бар барлық бағдарлар жабыстырылды, сауда үйлері мен компьютерлік клубтардың қызметкерлеріне таратылды» , — деді Алматы қаласының полиция департаментінде.

Органның мәліметінше, іздестіру жұмыстары түнде басталып, осы уақытқа дейін жалғасып жатыр. 

stan.kz