Алматы жаңалықтары: балабақша тәрбиешісі сәбилерді соққыға жықты
Қысқа сілтеме алу
35 жастағы балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Алматының полиция департаменті балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Балаларды ұрып-соғу видеосы болжам бойынша №37 балабақшада түсірілген, кеше Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда тәрбиеші екі сәбиді төсектен жұлқып тұрғызып, бірнеше рет шапалақпен тартып жібереді де, артынша аяқ киіммен ұрады.
Тағы оқыңыз: Балабақша меңгерушісі балаға ұрысып, жерді сүйгізді — видео
Қазір бұл оқиғаға қатысты Алатау ауданының полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Полицияға ата-аналардың бірі кеше түнде арыз беріпті.
«Бұл дерек ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. 35 жастағы балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылған», — деп мәлімет берді қалалық полиция департаменті.
Тағы оқыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды
Ведомство мәліметінше, жақын арада істің материалы сотқа жіберіледі.
sputniknews.kz