Алматы тұрғыны ақша үшін нағашыларының үйінде қырғын жасаған
Петропавлдағы нағашы туыстарын пышақтап өлтірген алматылық азаматтың ісіне қатысты сот отырыс өтуде, деп хабарлайды Астана арнасы.
30 жастағы Алматы тұрғыны Қызылжардағы туыстарына түнде келіп, 3 адамды қан-жоса етіп пышақтап тастаған еді. Алған дене жарақаттырынан 48 жастағы әйел мен 89 жастағы кейуана көз жұмды. Ал үшінші жәбірленуші — 29 жастағы жігіт бір ай бойы төсек тартып жатып, тиісті ем алып, аман қалған болатын.
«Айыпталушы туысқандарының үйінде үлкен көлемде ақша бар екенін біліп, тонап кетуі үшін екі немесе одан да көп адамды өлтіруге барды. Ғабдуллин туысқандарының үйіне бұған дейін келген кезде қай бөлмеде құнды заттар мен ақша жатқанын біліп алды. Соны ұрлап алу үшін осы қылмысқа барды», — деді прокурор Дулат Жанақов.
Өз кінәсін мойындаған айыпталушы бұл қылмысқа ақша үшін барғанын айтады
«Мен өз кінәмді мойындаймын. Бірақ бұл қылмысты әдейі жасамағанымды айтқым келеді. Солай болып қалды», — деді айыпталушы.