«Алматы су» жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермекші

0

Бұл туралы белгілі журналист Ришат Асқарбекұлы facebook парақшасында жазды деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Алматы Су компаниясының ресми өкілі Serik Shagirov мырзаның бір тәуліктен кейін берген жауабы. Жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретін болыпты.

Алқаптағы астықты трактормен таптап, бас бармақтарын шошайтып, мәз боп жүрген өздері. Қауіпсіздік қызметінің басшысы Марат Тұрсынов кадрде өзі айғайлап нұсқау беріп тұр. Өздерінің қылмыстарын өздері әшкерелеген. Әлеуметтік желіде таратқан да өздері. Ел тек бөлісті.

Видеоны бөліскен Сырымбек Тау Сәуле Әбілдаханқызы Ахметбек Нұрсила Бакыт Тушаев Serik Zhanbolat сияқты танымал азаматтардан тыс мыңдаған ә/ж қолданушылары бар. Сонда олардың барлығы жалған ақпарат таратып отыр ма?

Мұнда мәселе заңсыз егілген егінде емес, Алматы су өсіп шыққан астықты таптаған ессіздердің әрекетін айыптау екенін әлі түсінбеген екен. Ел обал-сауапты айтып отыр.

Екінші мәселе, неге сот шешімінсіз біреудің мүлкі талқандалды? Төменгі мәлімдемеде оған жауап жоқ.

Жауап⤵️

“Алматы Су”кәріз қалдықтарына арналған аумақтағы заңсыз жүргізіліп келген ауыл шаруашылығы қызметінің жолын кесті.
«Алматы Су» МКК Алматы облысының Іле ауданында орналасқан қалалық кәріз қалдықтары шөгетін санитарлық қорғау аймағында ауыл шаруашылығы дақылдарын заңсыз өсіру әрекеттерін жойды.
Қалалық кәріз жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын Алматы қаласының кәріздік тазарту құрылыстарының тұнба алаңдарының аумағында егілген арпаны жою жұмыстары түрлі инфекциялардың өршуін, таралмауын болдырмау үшін заңды негізде жасалған.
Бұл аумақ — Алматы қаласының кәріз жүйесінен келіп түсетін сарқынды суларды тазарту процесінде пайда болған тұнба, шөгінділерді уақытша жинауға (кептіруге) ғана арналған.
Тұнба шөгінділерінде халық денсаулығы үшін қауіпті бірқатар химиялық және биологиялық элементтер бар.
Атап айтқанда, кадмий, никель, мырыш, кобальт, мыс, марганец және т. б. секілді ауыр және басқа металдардың жоғары концентрациясы.
Олар қаладағы және мегаполиске іргелес орналасқан елді мекендердің тұрмыс-тіршілігі мен өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарын араластыру нәтижесінде пайда болады.
Қорғалатын тұнба алаңдары болып табылатын санитариялық аймақтарда Қазақстан Республикасының заңнамасы шаруашылық қызметтің барлық түрлеріне, оның ішінде қандай да бір ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және мал жаюға үзілді-кесілді тыйым салады.
«Алматы Су» МКК қаланың коммуналдық меншігіне кіретін жерлерді мақсатсыз пайдаланудың ашылған фактісін дұрыс түсіндірмеген жалған ақпараттың авторлары мен таратушыларын жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
«Алматы Су»МКК