Алматы «қызыл» аймақта. Имам мешіттердің енді қалай жұмыс істейтінін айтты

0

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты әрі Алматының «қызыл» аймаққа өтуін ескере отырып, діни нысандардың жұмысыа қандай өзгеріс енгізілетінін Алматы қаласы Дін істері басқармасы бастығының орынбасары Ерғали Қошеке мен қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай айтып берді, деп хабарлайдыzakon.kz.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, шектеу шаралары діни орындарға да әсер етеді. Атап айтқанда, енді діни объектілердің ғимараттарында «жеке намазға» ғана рұқсат етіледі (ұжымдық қызметсіз: жұма намазы, жексенбілік қызмет және т.б. болмайды), онда да әлеуметтік қашықтықты (кемінде 2 метр) және басқа санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда, яғни бетперде тағу, дезинфекция дегендей, — деді Ерғали Қошеке.

Мешіттерге, шіркеулерге және басқа да діни нысандарға кіре берісте әр адамның температурасы өлшенеді, бетперде кигенде ғана ішке кіруге рұқсат. Сонымен қатар, санитайзерлер көрнекі жерлерде орнатылып, діни ұйымдар аумағында кемінде 2 метр аралықта белгілер салынады;

Дін істері басқармасының қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметтерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қаладағы діни ғимараттардың санитарлық нормаларға сәйкестігін қадағалайды.