Home Жаңалықтар Ақмарал Бекмұрзаева: Бұл масқара! Феминизм қазақ дәстүріне қайшы

Ақмарал Бекмұрзаева: Бұл масқара! Феминизм қазақ дәстүріне қайшы

0
347
Сурет: Офелия Жакаева

Күні кеше Алматыда өткен феминистер маршы біздің бағзы заманнан бері сақталып, қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлер мен құндылықтарымызға қайшы келеді, деген «ADAL» партиясының өкілі Ақмарал Бекмұрзаеваның мәлімдемесін «ADAL» партиясы баспасөзге таратты, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

Оның пікірінше, батыстық бағыт пен радикалды феминизм қазақ дәстүрі және құндылықтарымен тіл табыса алмайды. Сол себепті біздің қоғам мұндай өзгерістер мен батыстық бағытқа ден қоюға дайын емес.

«Бұл масқара – батыс мәдениетінің ең жағымсыз көрінісі болды! Біздің қоғамдағы әйел жынысына қатысты мәселені өткір деп айту қиын. Иә, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бар! Иә, кейбір жағдайларда жынысы бойынша кемсіту болуы мүмкін! Бірақ тұтастай алғанда, бүгінгі күні әйелдердің құқықтары мен бостандықтары шектелмейді.

Нәзік жандар экономиканың, саясаттың, мәдениеттің және спорттың барлық әлеуметтік салаларында бой көрсетуде. ҚР Конституциясы барлық азаматтарға жынысына, нәсіліне, ұлтына, діни көзқарасына қарамастан тең құқықтар береді, – деді «ADAL» партиясының өкілі Ақмарал Бекмұрзаева.

Сонымен қатар ол, қазіргі таңда «ADAL» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсеткендей ауыл әйелдерінің біліктілігін арттырып, табыс көздерін ұлғайту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.