Алматы қаласының бас дәрігері: «Бала денсаулығында жақсару байқалады»

0

Қазірге дейін қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Олар енді 14 күн үй карантинінде болады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматыда ем алып жатқан 68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Он адамның денсаулығы орташа, ал баланың денсаулығында жақсару байқалады. Бұл туралы брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Науқас әйел 23 наурызда жасанды желдету аппаратына қосылған, екінші науқас бірінші сәуірден бастап аппаратта жатыр.

Алматыда қазір 80 адам ауруханада жатыр, ішінде Алматы облысының бір тұрғыны және бір бала бар.

«68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Екі ересек адамның жағдайы ауыр, ал 10 адамның денсаулығы орташа. Баланың денсаулығында жақсару байқалады», – деді Әбілдаев.

Кеше тағы бір науқас ауруханадан шықты, қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Олар 14 күн үй карантинінде болады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел сұхбат берді

Қазір провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның 81-і бала.

Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам болса, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3 853 азамат жатыр.



sputniknews.kz