Марқұммен байланыста болған: Қарғандыда коронавирус жұқтырған науқастар жайлы не белгілі – Қазақстан жаңалықтары

0
43

Қарағандыда коронавирусқа шалдыққан науқастардың індетті кімнен жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

коронавирус

COVID-19 алты адамнан анықталды. Оның үшеуі – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері. Олардың барлығы инфекциялық боксқа жатқызылды.

Қайтыс болған пациентпен 204 адам байланыста болған. Оның ішінде 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды, 150-і – үй карантинінде.

Сондай-ақ, бүгін карантиндік стационарда жатқан екі пациенттен коронавирус табылды. Тағы бірі үй карантинінде жатқан адамнан анықталды. Осыған байланысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Ауру жұқтырушының кіммен байланыста болғаны анықталуда.

Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауда. Олар – 1А және 1Б санатындағы (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Тайланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) елдерден келгендер немесе ауру жұқтырушы тұлғалармен байланыста болғандар. 1087 адам үй карантинінде жатыр.

Қарағандыда 21 адамнан коронавирус инфекциясы расталды, соның ішінде бір адам көз жұмды.

stan.kz