Алматы облысындағы колонияда сотталушы қаза тапты

0
72
Фото ©Тұрар Казанғапов

Алматы облысындағы колонияда сотталғандар арасында жанжал туып, бірі қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.9 сәуірде Алматы облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесінің тәртіптік изоляторында сотталғандар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған. Салдарынан соталушы қаза тапты.

«Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерге келген жедел жәрдем бригадасы сотталушының қаза болғанын анықтады. Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖД басшылығы келді», – делінген ведомство хабарламасында.

Жазасын өткеп жатқан екі адам да бұрын сотталған. ҚР ҚК-ның 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» және 192-бабының 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша.

Бұған дейін 33 жастағы сотталушы Оралдағы ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өзіне-өзі қол жұсағаны хабарланған еді. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады