Алматы облысындағы нысандардың жұмыс уақытына тағы да шектеу қойды

0
148

Алматы облысында карантиндік шектеу шараларына қатысты жаңа қаулышықты.

Құжатқа сәйкес кейбір мекемелердің жұмыс уақыты өзгертілді.

— Қоғамдық тамақтандыру орындары енді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Орын саны 30-дан аспауы керек.

— Бизнес орталықтар, екінші деңгейлі банктер, айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс күндері мен демалыс күндері тек 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады.

— Республикалық деңгейден басқа спорттық жарыстарға тыйым салынады.

— Супермаркеттер мен гипермаркеттер 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

— Азық-түліктік емес, ауданы 2000 шаршы метрден аспайтын дүкендердің жұмысына рұқсат етіледі.

— Азық-түліктік емес базарлар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және тек жұмыс күндері қызмет көрсетеді.

— Сауда орталықтарының қызметіне 10.00-ден 20.00-ге дейін тек жұмыс күндері рұқсат беріледі.

— Моншалар, сауналар, СПА орталықтар 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

— Спорттық-сауықтыру орталықтары тек жұмыс күндері жұмыс істейді.