Алматы облысында жіпке асылып өлген студент қыздың кім екені анықталды

0

Бүгін әлеуметтік желіде жіпке асылып тұрған Алматы облысы студентінің суреті тарап кеткен болатын. Өз-өзіне қол жұмсаған студенттің Есік қаласындағы Гуманитарлық экономикалық колледждің 3-ші курс студенті екені анықталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Гүлден Түркебаева. Фото: КТК арнасы

Гүлден Түркебаева. Фото: КТК арнасы

20 жастағы Гүлден Түркібаева оқуда озат, курстастары арасында сыйлы болыпты. Болашағынан зор үміт күттірген қыздың не үшін суицид жасағанын ұстаздары түсінбей отыр. 

«Қасындағы қыздар кешке жақын бәріміз тамақ ішіп, сабағымызды  оқыдық деп отыр.  Біраз сөйлескен әңгіме айтқан.  Өзіне қол салуға негіз болмаған екен», — дейді Гуманитарлық экономикалық колледждің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Гүлнәр Байтөкенова.

Биылғы жылы оқуды бітіріп, мұғалім атанатын ару Есіктегі мектептердің бірінен тәжірибеден өтіп жүріпті. Үйі көрші ауданда болғандықтан, колледждің жатақханасында құрбыларымен бірге бір бөлмеде тұрған.

Мәліметтерге қарағанда студент қыз таңға жуық барлығы ұйықтап жатқанда өз-өзіне қол салған. Ол үшін киім ілетін жіпті алып, мына төртінші қабаттың балконында асылып қалған. Марқұмның денесін алғаш болып тәрбиешілер байқапты.  Оны өз-өзіне қол салуға біреулер итермелеуі мүмкін деген боолжам бар.

«Қазіргі кезде қасында тұрған қыздардан жауап алынып жатыр. қылмыстық кодекстің 105-ші бабы бойынша тергеу әркеттері жүрігізілуде. Енді тергеу аяқталған белгілі болады», — дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын әкесінен айырылған марқұм бойжеткеннің науқас анасы бар.  Қазір ауыр хәлде ауруханада жатқан ол қызының қазасы жайлы білмейді екен. 

Ал, Гүлден өзінің әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасында анасынан кешірім сұрап кеткен.

Дереккөз: kaz.nur.kz