Кезекті қойылым: «Қалаулымда» жігіттердің өтірік төбелескені әшкере болды

0

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушылары тікелей эфирде шу шығарды. Бір-бірімен «жаға жыртыса жаздаған» жігіттердің видеосы qazaqstanda парақшасында жарияланды деп жазады NUR.KZ.

Бағдарлама қатысушы Ілияс сөз сөйлеп отырған сәтте бір жігіт келіп, оның көзілдірігін жұлып алған.

Осыдан кейін екі жігіт бір-бірінің жағасынан алады. Ал бағдарламаның өзге қатысушылары екі жігітті ажыратуға тырысып баққан.

Айта кетейік, кикілжіңнің соңы немен аяқталғаны белгісіз.

Бірақ желі қолданушылары мен бағдарлама көрермендері бұл видеоға өз наразылықтарын білдірген.

«Кезекті шоулары ғой», «Төбелесетін адамдар бірден жұдырық ала жүгіреді. Өтірік екені көрініп тұр ғой», «Несіне ажыратып жатырсыңдар? Олар төбелеспейді, бәрібір», «Өтірікшілер».

«Осы бағдарламаны эфирден алып тастауға ешкімнің шамасы жетпеді-ау», «Ұят», «Жігіттердің сиқы осы болса», «Қалаулымға» жұмысы жоқ, жатып ішерлер жиналған», — деп желідегілер жарыса пікір жазды.

https://www.instagram.com/p/BtAnk6wACPw/?utm_source=ig_embed