Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам көз жұмды

0
40
Advertisement

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Екі көліктің ішінде тоғыз адам болған, олардың тек екеуі тірі қалды. Алты адам оқиға орнында көз жұмса, тағы біреуі ауруханада жан тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында 16 қыркүйекке қараған түні ірі жол апаты болып, жеті адам ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға Алматы-Текелі тас жолының 26-шы шақырымында болған. Екі Audi соқтығысып, біреуі қарсы бетке шығып кетті.

Оқиға орнында алты адам, соның ішінде екі жүргізуші көз жұмды. Тағы үшеуі Текелі қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін біреуі жан тапсырды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз