Алматы облысында соңғы үш жылда 39 мың гектар суармалы жер қайта айналымға қосылды

0

Амандық Баталов Алматы облысында 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайту туралы Елбасының тапсырмасы мен Президенттің Жолдауындағы міндеттер қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Спикердің айтуынша, белгіленген міндеттерге сәйкес 2030 жылға қарай облыс бойынша 138 мың гектарды қалпына келтіру жоспарланған. Соңғы үш жылда бұрын айналымнан шығып қалған 39 мың гектар суармалы жер қайта тартылды.

«Ислам даму банкінің қаржысы есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілері қайта жаңартылып жатыр», — деді Амандық Баталов.

Биылғы жылы 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін ирригациялық құрылыстарға 6,3 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.