Алматы облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған белгітас ашылды
Алматы облысына қарасты Ақсу аудаынының Сағабүйен ауылында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған белгітастың ашылу салтанаты өтті.
Ашылу рәсіміне аудан әкімі Есім Сейілханұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбайұлы, сол заманда қуғын – сүргін құрбаны болғандардың ұрпақтары, ауыл азаматтары, БАҚ өкілдері қатысты.
Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ауыр да, азапты жылдарымен есте қалды. Халқымыздың басынан өткен ашаршылықпен, қуғын – сүргін ел есінде мәңгі сақталып, өмірімізде өткеннің сызы болып қалды. Бүгінгі ұрпақтары саяси қуғын – сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін және келешек ұрпаққа тарихымызды тасқа жазып қалдыру үшін белгі орнатып отыр.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған бұл белгітаста елін, жерін қорғап, жазықсыз атылған 100 құрбанның есімі жазылған. Демеушілік қолдау көрсеткен Өтеуіл қажы ұрпақтары, басы – қасында жүрген Рамазанов Ерлан Тұрбатырұлы, ауыл әкімшілігі, ауыл азаматтары.
Аудан басшысы сөз сөйледі. Осы игі бастаманы жүзеге асырған Ерлан Рамазановқа жылы лебізін білдіріп, “Алғыс хат” пен сыйлық табыстады. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбаевта аға буын өкілі ретінде тілегін білдірді.
Шара соңында боздақтарға арналып құран оқылып, жеті шелпек таратылды.