Алматы облысында мектеп, балабақша асханаларында тыйым салынған өнімдер анықталды
Осы анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға 372775 теңге көлемінде 11 айыппұл салынған.
Алматы облысында 2018 жылы мектеп, балабақша асханаларын тексеру кезінде,тыйым салынған өнімдерді дайындау және өткізу фактісі анықталайды, де хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасқз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда:
Талғар ауданында № 17, № 23 орта мектеп асханаларында фаст-фудтарды (гамбургер, хот-дог, пицца) өткізуге;
Қапшағай қаласында мектепке дейінгі шағын орталығы бар №5 орта мектеп асханасында кондитерлік өнімдер-шоколадтар («Сникерс», «Кит-Кат», «Милки-Уэй»), №6 орта мектеп буфетінде тұтыну қаптамасындағы тәттілер (шоколад, кекс, печеньелер) өткізуге, № 2 орта мектеп асханасында фаст-фудтарды дайындап өткізуге;
Талдықорған қаласындағы № 5, № 21 орта мектеп асханаларында кремді-кондитерлік және кулинария өнімдері (пирожные) және тұтыну қаптамасындағы тәттілер, үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр, субөнімдер және тәтті алкогольсіз сусындарды, № 12, № 13 орта мектеп асханаларында қуырылған құймақ, ащы тұздық, кетчуптарды өткізуге,№ 42 балабақша асханасында термиялық өңделмеген қаймақты пайдалануға жол берілген.
Осы анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға 372775 теңге көлемінде 11 айыппұл салынып, тыйым салынған тағамдар сатудан алынып,халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 11 ұйғарым берілген. Сонымен қатар мектеп асханаларын жалға алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Осы орайда тұрғындар, ата-аналар және оқушылардың назарына: мектеп асханаларында тыйым салынған өнімдерді дайындау және өткізу фактісі анықталған жағдайда, Сіз Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Сланов көшесі 85А) және оның құрылымдық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@mail.online.kzэлектрондық мекен-жайына жүгінуге құқылысыз.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz