Батур Аршитдинов | өмірбаяны

0

Батур Аршитдинов 1926 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында дүниеге келген. 

1941–1944 және 1952–1954 жж. Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық республикасының орталығы Үрімші қаласында орта және жоғары оқу орындарын тамамдайды, 1958–1960 жж. ҚКП Пекин Жоғары партия мектебінде тағылым алады, 1966 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл білімі институты құрамындағы ұйғыр бөлімінде әдебиет мамандығы бойынша аспирантурада сырттан оқыды. 

1944–1949 жж. Шығыс Түркістанда белең алған ұлтазаттық қозғалысына белсене қатысады. 

1954–1961 жж. ШҰАРдың Коммунистік Жастар одағының бірінші хатшысы, Демократиялық жастар ұйымының төрағасы бола жүріп, «Жас коммунист» журналының, «Синьцзян жастары» газетінің, «Синьцзян» жастар баспасының Бас редакторы міндетін қатар атқарады. Ол 1962–1989 жж. аралығында Қазақстан Ғылым академиясының ұйғыртану бөлімінде, кейіннен ұйғыртану институтында ғылыми қызметте болды. 

Алғашқы өлеңі 1947 жылы жарық көрді. Ал 1957 жылы оның «Жастық сезімдері», 1967 жылы «Дала», 1971 жылы «Тау самалы», одан соң «Кек» (1980), «Ынтызар» (1986) жинақтары жарық көрді. «Ұйғыр классиктері шығармашылығындағы дастан жанры», «Ұйғыр халық ауыз әдебиеті шығармашылығы», «Дастандар дүнисіне саяхат» (2003), «Төрт дербіш», «Он екі мұқам туралы» (мәтіндер) (2002), «Сом алтын» (ертегілер), «Ұйғыр фольклорының антологиясы» атты ғылыми еңбектердің авторы. «Ватан ышхи» (2006), «Юсуп ва Зылайха хакыда» (2006), «Ыстық лалият» (2007), «Ұйғыр бәдий тапаккур тарихи» (2008). 

Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық республикасы Жазушылар одағының және бірнеше ғылыми одақтардың мүшесі.