Алматы облысында иесінің зиратын күзеткен «Хатико» жұртты сүйсіндірді (видео)

0

Алматы облысында иесінің қабірін күзеткен ит жұртты таңғалдырды.

Қабірдің жанында отырған иттің видеосы әртүрлі мессенджерлерде асқан жылдамдықпен тарап жатыр. Сондай-ақ, желідегілер бұл иттің Көктастағы 60 жастағы ер адамның қабірінде отырғанын бөлісуде. Марқұм азамат осы жылдың қазан айында бақилық болған.

Видео авторы иттің қожайын қабірін күзетіп отырғанын айтады. Зират Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.

«Міне, мынау жақсы ит. Ол өз иесін жерлегелі бері осында күзетіп отырады. Қарғалар мен түрлі құсты, жаман ниеттілерді жолатпай қуады. Жақсы ит, нағыз дос. Өзі барынша адал», — деді автор.

Қазақстандықтар өз кезегінде оған Хатико деп ат қойып алған. Адам мен жануардың достығына ризашылықтарын білдіріп жатыр.