Алматы облысында екі баланың анасын өлтірген ер адам сотта кешірім сұрады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Сотталушы жәбірленушінің отбасына 7 миллион теңге төлейді. Сондай-ақ, барлық іс жүргізу шығынын өтейді

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Алматы облысында клиентін өлтірген татуировка жасайтын шеберге сот үкімі шықты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кінәлі жәбірленушінің отбасына 7 миллион теңге төлейді. Сондай-ақ, барлық іс жүргізу шығынын өтейді.

Фати Омаров 14 жылға қамалды. Ал оның серіктесі бостандықта қалды, оның қозғалысына 4 жылға шектеу қойылды. Антон Дерябин қылмысты жасырып, досына жәбірленушінің денесін жасыруға көмектескен, деп хабарлады КТК.

Еске сала кетсек, күзде Алматы облысында екі баланың анасы жоғалып кетті. Бір апта іздеу жұмыстарының нәтижесінде әйелдің қайтыс болғаны анықталды. Оны тату жасайтын адам өлтірген. Сабина Әбдуәлиева досының салонына жаңа татуировка жасатуға барған. Екеуінің арасында жанжал туып, Фати Омаров бес рет гір тасымен басынан ұрған. Досы екеуі әйелдің денесін тауға апарып, көміп тастаған. Ал жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген.

Тағы оқыңыз: Алматыда такси жүргізуші косметологты не үшін өлтіргені белгілі болды

Сот үкімі шығардың алдында қылмыскерлер кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

«Марқұмның туыстарынан кешірім сұраймын. Өзімнің анамнан да осындай қиын сәтте, менің көмегім керек кезде жалғыз қалдырғаным үшін кешіруін сұраймын», — деді ол.



sputniknews.kz