Алматы облысында екі баланы көлік қағып кетті — новости Казахстана
Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан екі баланы қағып кетті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Полиция оқиғаның 24 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында орын алғанын айтты.
Анығы,балаларды «Hyundai HD 65″көлігін жүргізген 23 жастағы азамат қағып кеткен.
Оқиғадан 11 және 13 жастағы екі жеткіншек зардап шекті. 11 жастағы бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болса, екіншісі бірнеше зақым алған.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның анық-қанығын білу үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүргізуші ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz