Алматы облысында әйел екі бірдей сәбиін сатып жіберген

0

Алматы облысында әйел екі бірдей жаңа туған баласын сатып жіберген, деп хабарлайды ЭК.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер бұл туралы әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау барысында білген.

«Тексеру барысында әйел перзентханадан шыққан соң, заңда белгіленген рәсімдерді орындамастан баласын үшінші тұлғаға өз еркімен берген«, — деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Келіншек бұдан бұрын тағы бір баласын перзантханадан шыққан соң басқа біреуге бере салғаны анықталды. Тіпті ол баласын Қазақстаннан тыс жерге әкетуге рұқсат беріп, белгісіз әйелге сенімхат жазып берген.

«Тексеру нәтижелері бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 135 бабы, яғни кәмелетке толмағандар саудасы бойынша қылмыстық іс қозғалды«, — деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.