Алматы облысында 835 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Құрылыс саласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі кезде 835 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 1 824 пәтері бар 271 тұрғын үй салынып жатыр. Соның арасында 741 пәтерлік 121-і тапсырылды», — деді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, жеке құрылысшылар 952 пәтерлік 13 үйді пайдалануға берді.
«Бүгінде 1 307 отбасы пәтерін алды, оның ішінде 327-сі көпбалалы отбасы мен әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтардан», — деді әкім.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Амандық Баталов ауылшаруашылығы саласын дамыту жайында баяндады.