Алматы облысында 8 айлық нәресте коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың тағы 13 оқиғасы анықталды. Жұқтырғандардың арасында 8 айлық сәби бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы, өңірде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 86 болды.
Соңғы тіркелген 13 науқастың арасында тоғыз адам Іле ауданының тұрғындары, үшеуі — Қапшағай қаласынан және біреуі — Украина азаматы.
«Ауырғандардың ең кішісі — сегіз айлық бала, ең үлкені -1952 жылы туған. Олардың барлығы емделіп жатыр. Барлығы 39 байланыста болған адам анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауда, эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр», — деді облыстық әкімдікте.
stan.kz