Алматыда 97 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
55

Алматыда соңғы мәліметтер бойынша COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 23 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Олардың барлығы індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

«Олардың ішінде 17 әйел, 5 ер адам және 6 жасар бала бар. Жаңадан анықталғандардың арасында 97 жастағы зейнеткер әже де бар»,– деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 717 адам бар: бір адамданың жағдайы – өте ауыр, 23 адамда – ауыр, 200 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Жалпы, Алматыда коронавирус 814  адамда расталды.

stan.kz