Алматы облысында 30 жастағы ер адам анасының алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

0
202

Алматы облысында 30 жастағы ер адам туған анасының алтынын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Алған қаражатты өз қажетіне жұмсаған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасына Шелек ауылының 59 жастағы тұрғыны арызданған. Ол үйде тұрған әмиянның ішінен алтын сақинасының жоғалғанына шағымданған.

Тергеу барысында әйел адам ұлынан ломбардқа өткізілген алтынның түбіртегін тауып алды. Полицейлер 30 жастағы ер адам анасының алтынын ұрлағанын анықтады. Ұсталған күдікті кінәсін мойындаған.

Сөзінше ол бағалы затты ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажетіне жұмсаған.

Алтынды қандай ломбардтың сатып алғаны анықталмады. Бұл факті ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі, яғни, «Ұрлық» бойынша тіркеліп, күдікті ешқайда кетпеу қолхатымен жіберілді.