Ердоған Еуроодаққа Түркияны өз қатарына қабылдауға шақырды

0
1447

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропа елдерін «нақты көруге» және Түркияның Еуропалық Одаққа кіруіне мүмкіндік беруге шақырды. Бұл туралы ол Анталияда өткен оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінің саммитінде мәлімдеді.

Түркия басшысының сөзіне қарағанда, Анкарасыз ЕО «нағыз тартымдылық пен қуат орталығы» бола алмайды және бұл соқырлықтан мүмкіндігінше тезірек құтылу керек. Осы жылдың наурыз айында Еуропалық Одақтың (ЕО) Халықаралық істер жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелль Түркия билігін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Стамбул конвенциясынан бас тарту туралы шешімінен бас тартуға шақырды.

20 наурыз күні Түркия тиісті құжаттағы қолтаңбасын алып тастады, ал ел басшылығы «дәстүрлі құндылықтарына» сәйкес әйелдер құқығы үшін күресуге уәде берді. Түркия Еуропалық экономикалық қоғамдастық елдерімен қауымдастық туралы келісімге 1963 жылы қол қойып, 1987 жылы мүшелікке өтініш білдірді.

ЕО-ға кіру туралы келіссөздер тек 2005 жылы басталды және содан бері келіспеушіліктерге байланысты бірнеше рет тоқтатылды. Брюссель бұл процедураны 2016 жылы Анкараның Еуропаға мигранттар ағынын азайтуға көмектесу туралы келісіміне айырбастады.

Біздің ойымызша, Түркия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болса жақсы болар еді. Бұл бізге (Қазақстанға) саяси жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді болатын еді.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты