Home Жаңалықтар Алматы облысында 116 млн шығын келтірген ұрылар ұсталды

Алматы облысында 116 млн шығын келтірген ұрылар ұсталды

0
120
Сурет: imagesbykim

Павлодарлық полицейлер Алматы облысында ірі ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады. Жалпы алғанда, оларға 116 миллион теңге шығын келтірген деп айып тағылып отыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодарда жалпы сомасы 600 мың теңге болатын ұрлық жасады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Олардың екеуі Алматы облысында ірі ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

«Тергеу барысында ер адамдар үйге кілттерді таңдау арқылы кіріп, алтын бұйымдарды, гауһар тастары бар әшекейлерді, жалпы сомасы 116 миллион теңгеге ақша қаражатты ұрлағаны анықталды», — деді ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар темір торға қамалды.