Алматы облысы тұрғыны: Ұлым желідегі қауіпті топтардың кесірінен өзіне қол салды — Қазақстан жаңалықтары
2 сәуір күні Алматы облысының Талғар қаласында қайғылы оқиға болды. 13 жастағы бала асылып өлді. Баланың әкесі ұлының өлімі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайты Zakon.kz-ке агенттігіне сілтеме жасап.
«Мен бірнеше жылдан бері жүйе әкімшісі болып жұмыс істеймін. Осы салада жүрсем де, осындай жағдай өз отбасымда болады деп ойламаппын. Барлық ата-аналарға ескерту жасағым келеді. Балаларының қандай сайттарға кіретінін тексерсін», — деді Болеслав Крышталь.
Әкесінің айтуынша, «ВКонтакте» желісіндегі пабликтер 13 жастағы Даниилдің өліміне себеп болған.
«Суицидке итермелейтін көптеген пабликтер бар. Ұлым бір қызбен сөйлесіп жүрді. Онымен айырылысып кеткен соң желідегі осындай сайттарға кірген. Ол жерде Катя есімді кураторы болыпты. Ол жалған парақша. Қазір өшірілген. Парақшада кесілген қолдың суреті болды. Ол балалар арасында сән ретінде таралып кеткен», — деді әкесі.
Болеслав Крыштальдің айтуынша, Даниил парақшадағы кураторы Катяға мен құрбысына өзіне қол салғысы келетінін жазған.
«Ол алдын ала дайындалған. Бастапқыда анасы кедергі болған. Ұлым моншадан шыққан соң, оны үйге қуып кіргізді. Анасы шығып кеткен соң бәрібір ойындағысын істеді. Осылай ұлымыздан айырылдық. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Әлі нақты ешнәрсе айта алмаймыз», — дейді Болеслав.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны растады.
«Талғарда өзіне қол салған жеткіншектің оқиғасы тіркелді. Қазір тергеу жүруде. Іс аудандық полиция өндірісінде», — деді облыстық полиция департаментінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.
stan.kz