Төреғали жарты жылдық хит әндердің сырын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Төреғали Төреәлі соңғы уақытта қысқа ғұмырлы әндердің көбейіп кеткенін айтты. Әнші мұның себебін түсіндіремін деп қиналып қалды. Әрі әріптестеріне баға бере алмайтынын атап өтті. 

Төреғали Төреәлі

Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі күнге дейін жеткен әндер бар. Ностальгияға түсіретін, әлі күнге дейін хит болып келе жатқан әндер бар. 

Қазір шынымен жарқ етіп жанған жалп етіп сөнеді деген сияқты болып тұр. Бір әнді бүгін тыңдасақ, ертең тыңдамаймыз. Сирек болса да мағыналы әндер шығып жатқан шығар?! Енді ол авторға да, орындаушыға да байланысты», – дейді Төреғали. 

Бұл ретте ол әріптестеріне баға бере алмайтынын атап өтті.

«Өнерпаз өнерпазға баға бере алмайды негізі. Халық береді», – дейді Ұлы дала баласы.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз