Алматы облысы, Талғар ауданында өрттен зардап шеккендерге жаңа баспана салынады.
Оқиға болған сәттен бастап Талғар ауданында шұғыл жедел әрекет ету тобы құрылды. Қазір мамандар өртке сараптама жасауда. Ал зардап шеккендер тұрғындардың барлығына аудандық әкімдік және жанашыр жандар мейлінше көмек көрсетіп жатыр. Жағдай мәжіліс депуттарының да назарында.
Ал жаңа баспананың қандай құрылыс материалынан салынатыны тұрғындармен ақылдаса отырып шешіледі.