Алматы метросының басшысы қанша жалақы алатынын айтты

0

Алматы метрополитенінің жаңа директоры Айдын Оразханов жалақысының мөлшерін айтты.

Бұл туралы tеngrinews.kz жазды.

«Жалақым аз емес деп ойлаймын. Қазір менің айлық жалақым –- 495 мың теңге. 2014-2016 жылдары метро басқарған кезде 385 мың теңге алдым. Біз шахтада жұмыс істемейміз ғой.

Жалпы, метрополитен қызметкерлері орташа есеппен 150 мың теңге алады, бізде жалақы қорын мәслихат бекітеді», – деді Айдын Оразханов.