Алматы маңындағы ұшақ апатының негізгі себебі айтылды

0
884

Алматы маңында құлаған әскери ұшақтың апатқа ұшырауының үш негізгі себебі қарастырылуда. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Алматыдағы ұшақтың құлауына ауа-райы, техникалық ақаулар және адам факторы себеп болуы мүмкін.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

ҰҚК Авиациялық қызметіне тиесілі Ан-26 әскери ұшағы 13 наурызда апатқа ұшырады. Ұшақ Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында рейс орындаған.

Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша 17.20-да жоғалып, шамамен екі минуттан кейін апатқа ұшырады.

Бортта алты адам болған. Олардың төртеуі сол жерде қайтыс болды. Қайтыс болғандар: аға лейтенант Баймұратов Досжан – 43 жаста, сержант Евгений Васильков – 34 жаста, лейтенант Сағынбаев Мұхтар – 26 жаста, майор Барлықбаев Ғабит – 34 жаста.

Тек екеуі ғана аман қалды, әскери қызметшілер оқиға орнынан жедел түрде 4-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мұнда жетекші травматологтар мен реаниматологтар жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта науқастар жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қазақ тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы апаттың себептерін тергеуді тапсырды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету