Алматы ертең Дінмұхамед Қонаевтың қарындасымен қоштасады

0

Бүгін Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Сара Ахметқызы Қонаева қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.

Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Мақаш Әбішев мәлімдеген. Сара Ахметқызымен қоштасу 14 қарашада сағат 11.00-де Пушкин көшесі, 50 мекен жайында өтеді.

Сара Қонаева 91 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 1944 жылы 17 жасында Алматы қаласындағы Орталық телеграфтағы жедел хат жіберу бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы Алматы медицина институтына түсіп, 1953 жылы бітірді.

1956 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі емханасының бактериологиялық зертханасында еңбек етті.