Алматы-Бішкек тас жолда 1 млн доллар ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

0

Полиция ұйымдастырған жедел-іздестіру шараларының фото-видеолары әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кадрларға күдіктілерді ұстау кезінде түсірілген арнайы жасақ жауынгерлері мен жедел қызметкерлер түсірілген. Сондай-ақ, Жамбыл облысы Самсы ауылында Алматы -Бішкек тас жолында екі азаматқа шабуыл жасалғаны көрсетілген құжаттар да пайда болды.

Олардың бірі өз көлігімен Алматы мен Қордай арасында жеке тасымалдаумен айналысады. Екеуі де тас жолда келе жатқанда үш азамат қасақана алдынан шығып, пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, автокөлік пен 1 млн долларды алып кеткен.

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, арнайы жасақпен ұйымдастырлыған операция нәтижесін бөлісті. Үш күдікті ұсталды.