Алматы әуежайы халықаралық рейстерді тоқтатады — Қазақстан жаңалықтары

0

1 сәуірден бастап Алматы халықаралық әуежайы халықаралық жолаушылар рейстерін тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеенттігі.

әуежай

Әуе айлағының баспасөз қызметі аталған хабарды Facebook-те көліктер бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың өкіміне сілтеме жасай отырыпмәлімдеді.

Әуежайдың хабарауынша, мұнда эвакуациялық авиарейстер туралы да сөз болып отыр. Алматыда 2020 жылдың 1 сәуіріне белгіленген халықаралық жолаушылар рейстері Қазақстанның басқа халықаралық әуежайларына қайта бағытталады.

«Бұл шара Алматы қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 22 наурыз сағат 00: 00-ден бастап Алматыға/дан теміржол және әуе қатынасы толығымен тоқтатылды. Жалғыз ерекшелік халықаралық рейстер болды.

 

stan.kz