Алмат Мадалиев әділет вице-министрі атанды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның әділет министрінің орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Алмат Мадалиев келді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алмат Мадалиев әділет вице-министрі атанды

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев ҚР әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды», — делінеді хабарламада.

Алмат Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары жеке секторда қызмет еткен.

2010–2014 жылдары, сондай-ақ, 2017–2019 жылдары  ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысынан төрелікте іс карауға дейін қызмет еткен.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ӘМ заңнама департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz