«Алланың жазасы ма екен»: Ақын Түркістан облысындағы табиғи апат жайлы өлең жазды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысындағы су тасу қаупі азаймай тұр. Өткен аптада Өзбекстанның су қоймасының жарылуы салдарынан Қазақстанның оңтүстігіндегі ауылдарды су шайып кеткені. Күні кеше Леңгір өңірі су астында қалды. 

Бұл қиын жағдайда биліктен бөлек өнер жұлдыздары, танымал жандар мен кәсіперлер қол ұшын созып, қажетті азық-түлікпен қамтыды. Бірі халықты сабырға шақырып, сынақ деп қабылдады. Әр қиындықтың жақсылығы болады деп басу айтты. Осы орайда індетпен қатар келген табиғи апатқа қатысты Бекмұрат Анарбаев есімді азамат өлең жазды.

Бізге не болды?!.

Адамның назасы ма екен,
Алланың жазасы ма екен?!
Жесірдің көз жасы ма екен,
Жетімнің наласы ма екен?!

Арамның амалы ма екен,
Зинаның залалы ма екен.
Қасірет көбейіп кетті,
Ақырет хабары ма екен?!

Суқойма- бекеттен бе екен,
Садақа- зекеттен бе екен?
Көшеде тәнін бұлдаған,
Жезөкше — «көкектен» бе екен?!.

Мастанған ағадан ба екен,
Тастанды баладан ба екен?
Парқына жете алмай тұрмын,
Пайыз бен парадан ба екен?!

Қараусыз қарттардан ба екен,

Амалсыз жатқаннан ба екен?!
Күнәңді ашқаннан ба екен,
Құранды жапқаннан ба екен?!

Сел неге аға береді,
Кім қалай баға береді?..
Қолыңмен жасаған күнәң,
Аяқтан шала береді!..

Әркімді әулие қылмасақ,
Әруақты әуре қылмасақ!
Жамандық басылмас, сірә,
Жалынып Аллаға ғана,
Жабылып тәубе қылмасақ!!!

«Мешіттерді бекер жапты енді Алланың қахарын көрейік», «Адамдардың айтатыны өтірік, жала, өсек. Үлкенді силамайды. Қатындар адам дуалайды. Бəрі емес, брақ бар зат қой», «Мына жазылган өлең жолымен келісемін. Өте орынды әр қазақтың жан айқайын жеткізіп отыр», «Рамазан айында тілеген дұға, тілектеріміз қабыл болсын.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», «Алладан жақсысын күтеміз. Бұның да жақсысы болар. Сабырлы болайық», — деп жазды желідегілер.

stan.kz