Нұр-Сұлтанда Ресей елшісі гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан астанасында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, оған Ресей және Беларусь елшілері қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында «Отан қорғаушылар» монументі жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Беларусьтің Қазақстандағы елшісі Анатолий Ничкасов қатысты. Елшіліктердің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі де келді.

Салтанатты шара 14 мамырда Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу аясында өтті, деп хабарлады Ресей елшілігі.

Биыл 9 мамырда Қазақстан мен Ресейде коронавирус індетіне байланысты әскери парад өткізілмеді. «Мәңгілік даңқ» шеруі онлайн режимде өтті.

Мәскеуде парадтың әуе бөлігі және шенеуніктердің қатысуымен еске алу шаралары ғана болды. Президент Владимир Путин эпидемия қаупі сейілген кезде Ресей Жеңістің 75 жылдығын міндетті түрде атап өтеді деп уәде берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткенін атап өтті.

Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.   



sputniknews.kz