Алик Шпекбаев Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен кездесті

0
24 Қараша 2018, 12:13 292 0

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы жұмыс сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімі Ерлан Қошановпен бірге «Атамекен» ҰКП филиалы базасында облыстың инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесті.

Бизнесті қорғау, инвестициялық қолайлы климатты қалыптастыру, кәсіпкерлік қызметке байланысты туындайтын жемқорлық жайттарын азайту Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып табылады.

Агенттікпен бизнес және инвестицияларды қорғау бойынша іске асырылып жатқан «Protecting Business and Investments» жобасы қолайлы инвестициялық климатты құруға, мемлекеттік билік институттарына деген бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыруға жағдай жасайды.

Кездесу барысында Алик Шпекбаев аталған жобамен қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып өтті.

«Біз әрбір инвесторға мемлекеттік институттармен өзара ықпалдастыққа қол жеткізу барысында туындайтын мәселелер бойынша қолдау көрсетудеміз. Аталған шаралар жобаны іске асырудың алғашқы кезеңдерінен бастап жүзеге асырылады. Бұл үшін барлық аймақтарда фронт-офистер ашылып, олар бойынша 140 лауазымды тұлға бекітілген. Бұл жоба іске асырылып жатқан бірнеше ай ішінде кәсіпкерлік субьектілері тарапынан кеңінен қолдау тапты. Қазіргі уақытта отандық және шетелдік 243 жоба жемқорлыққа қарсы сүймелдеу шараларымен қамтылған. Олардың жалпы құны 6,5 трлн.теңгені құрайды. Жобалардың 33% шетелдік Нидерланд, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия және ҚХР, БАӘ, Корея, Польша, Малайзия және т.б мемлекеттердің қатысуымен іске асырылуда», — деп атап өтті ол.

Мәселелер бойынша келіп түскен 259 өтініштің 211 бойынша (87% жуық) кәсіпкерлер мен инвесторларға көмек көрсетіле отырып, тиісті шешімдер қабылданған.

Кездесу барысында пікір алмасулар, өзекті сұрақтар қойылып және өз тарапынан ұсыныстарын айту мүмкіндігі болды. Кездесуге қатысушылар бизнесті жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу, қазақстандық экономиканың басым салаларына шетелдік инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға жәрдемдесу бойынша бірлесіп жұмыс атқару әзірлігі туралы хабардар болды.

Осы күні Агенттік төрағасы жұмыс сапарымен «Альфарух Logistic» ЖШС, Қарағанды құйма-машина құрылысы зауыдында, «Maker» ЖШС, «SES Saran» ЖШС және «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС болып қайтты.

Аталған кәсіпорындар жұмысымен танысудағы басты мақсат Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің өз жұмыстарын атқару барысында кездесетін мәселелерімен танысу және оларды анықтау.

Қызметкерлермен және кәсіпорын өкілдерімен пікір алмасу барысында Алик Шпекбаев бизнеске әкімшілік қысым жасау мәселесін шешудің маңыздылығын және Мемлекет басшысы оны болдырмау қажеттігі туралы өз Жолдауында айтқанын атап өтті.

«Бүгінде бизнес пен инвесторлардың құқығын қорғау бойынша бұрын-соңды болмаған нақты шаралар қолға алынуда. Бизнеске немесе инвестицияға қатысты кез-келген заңсыз әрекет – бұл мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды бөгеу болып есептелетін болады», — деді ол.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Алик Шпекбаев Агенттік жүзеге асырып жатқан кешенді шаралардың Қарағанды өңіріндегі жемқорлықты азайтуға және бизнестегі мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ