Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
2018 жылғы 20 қараша 12:23 70
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Жаңа басшы — Алик Айдарбаев.
А. Айдарбаев әр жылдарда «Оңтүстік Мұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кәсіпорынның аты кейіннен «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларында басшы лауазымдарын атқарған. 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры болған.
2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды. 2018 жылғы 15 қаңтардан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.
фото:www.kmg.kz