«ҚазМұнайГаз» бен ҚТЖ компанияларына жаңа басшы тағайындалды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жаңа басшыларды ұжымға таныстырды

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының жаңа төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысы Сауат Мыңбаевты таныстырды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі. 

Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін атап өтті.

Сауат Мыңбаев әр жылдары қаржы құрылымдарында түрлі лауазымдарда еңбек етті. Ол ҚР Қаржы министрі, ҚР ауыл шаруашылығы министрі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, ҚР индустрия және сауда министрі, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі, ҚР мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы төрағасы қызметін атқарды.

Ал «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалды. Бұған дейін ол «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған еді. 

Әртүрлі жылдары Алик Айдарбаев  «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» компаниясының (кейін атауы «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баcқарушылық лауазымдарды атқарды. 2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры болды. 2013-2017 жж. Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін — Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2018 жылдың 15 қаңтарынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.