Әлия Назарбаеваның Қазақтелекомнан үлес алып келгені анықталды

Фото youtube.com сайтынан алынды
Қазақтелеком Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Қазақтелеком» АҚ Orda.kz редакциясының сауалына берген жауабында Елбасының кенже қызына тиесілі «Instant Payments» ЖШС-мен келісімшартты бұзу рәсімі басталғанын хабарлады.
«Instant Payments-пен келісім аяқталу сатысында. Бұл компаниямен ынтымақтастықты аяқтау мерзіміне келетін болсақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығында келісім-шарт бұзылуы әбден мүмкін», — деді компания өкілдері.
Еске сала кетейік, Назарбаевтың кенже қызы әрбір электронды теміржол билеті мен «Қазақтелекомның» қызметтерінен табыс тауып отырған.