Украинада 1,4 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

0
39
Фото pinterest.com сайтынан алынды

Украинада 1,4 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«2022 жылдың 24 ақпаны сағат 4:00-ден бастап 2022 жылдың 2 сәуірі түн ортасына дейін (жергілікті уақыт) Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы елде 1 417 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және 2 038 адамның жарақат алғанын тіркеді», – делінген хабарламада.

Қаза тапқандардың арасында 201 әйел, 22 қыз және 40 ұл, сондай-ақ жынысын анықтау мүмкін болмаған 59 бала бар екені белгілі болды.